Арыстағы жарылыс: Шымкенттегі ауруханаға түскендердің саны 19-ға жетті

0
1 185

Олардың ішінде бесеуі балалар.


Арыстағы жарылыс: Шымкенттегі ауруханаға түскендердің саны 19-ға жетті

Арыс қаласынанда болған оқыс жағдайға байланысты жалпы саны 19-азамат №1 қалалық клиникалық ауруханаға өз еркімен келген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың ішінде бесеуі балалар, Жеткіншектер облыстық балалар ауруханасы жеткізілді. Ауруханаға түскен науқастардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ 4 азамат облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккен 57 жастағы азаматшаны дәрігерлер шұғыл түрде операция залына кірігізіп, ота жасауда.

Барлық пациенттердің жағдайы мен қажетті ем алуы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатаң бақылауында. Бұған қоса қалалық жедел жәрдем станциясына қарасты жедел жәрдем бригадасындағы дәрігерлер Арыс қаласына көмекке жіберілді. Пациенттердің жағдайы мен қажетті ем алуы қалалық денсаулық сақтау басқармасының қатаң бақылауында.