Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер: Шымкенттегі ауруханаға 11 адам кеп түсті

0
2 132

Арасында ана мен балалар да бар


Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер: Шымкенттегі ауруханаға 11 адам кеп түсті

Бүгін Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімде болған жарылыстан зардап шеккендердің алғашқы тобы Шымкент қаласындағы ауруханаға кеп түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жарылыстан зардап шеккендердің саны әзірге 11. Оның 6-ы түрлі дене жарақаттарымен түскен. Ішінде ана мен балалар да бар.

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханаға кеп түскендерге дәрігерлер шұғыл көмек көрсетуде.

"Әзірге зардап шеккендердің жасы мен жынысы анықталу үстінде, қосымша ақпарат жарияланатын болады", деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.