Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің 25-і өз еркімен Шымкенттегі ауруханаға келді

0
932

Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілуде.


Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің 25-і өз еркімен Шымкенттегі ауруханаға келді

Арыс қаласынанда болған оқыс жағдайға байланысты жалпы саны 25-азамат №1 қалалық клиникалық ауруханаға өз еркімен келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, бір азаматша ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына 6 жастағы бала жеңіл көлікпен жеткізілген. Бала қазір жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Шымкент қалалық қалалық жедел жәрдем станциясына қарасты 10 бригада Арыс қаласына көмекке жіберілді. Бұған қоса қалалық жедел жәрдем станциясының 20 фельдшері мен емханаға қарасты 2 жедел жәрдем бригадасы Бекжан базары маңында және орталықтағы мешітте Арыс қаласынан келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде.
Барлық пациенттердің жағдайы мен қажетті ем алуы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатаң бақылауында. №1 қалалық клиникалық ауруханаға әлі де науқастар түсіп жатыр.