«Ashyq»: Шымкентте карантин талаптары жеңілдеді

0
677

Бұл туралы жаңа қаулыда айтылды.


«Ashyq»: Шымкентте карантин талаптары жеңілдеді

Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда қоспағанда, ашық ауада да, жабық үй - жайларда, оның ішінде үйде де отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), көпшілік іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынды. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдар, дәріханалар, музейлер, кітапханалар, сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (алдын ала жазылумен), ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелерде де қалыпты режим сақталады.

Ал, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) «Ashyq» жобасына қатыспайтын болса, қызметіне тыйым салынады.

Орта білім беру ұйымдарында - 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптар) қалыпты режимде сабаққа барса, 600 оқушыға дейінгіні мектептерді қоса алғанда қалыпты режимде жұмыс істейді. Ал, 600 оқушыдан жоғары мектептер жобалық қуатының 50% - нан аспайтын жүктемемен қалыпты режимде жұмыс істейді.

Жоғары оқу орындары мен колледждерде практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар және өндірістік практика - икемді кесте бойынша қалыпты режимде, дәрістер онлайн өтіледі.

«Жасыл» қауіпсіз мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларды (банкеттер, еске алу) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар мен көрмелер, марафондар өткізу шектеусіз жүзеге асырылады.

Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.