Астана әкімінің орынбасарына қатысты тергеу амалдары басталды

0
1 082

Арызда Машуров «Тамыз Инвест Групп» АҚ құрылыс компаниясының басшысы бола тұрып, Хорошунға қамқорлық жасау үшін мүлкін беріп отырғаны көрсетілген. Қазіргі таңда Машуровтың дәлелдері тексерілуде. Қылмыстық іс жүргізілуде.


Астана әкімінің орынбасарына қатысты тергеу амалдары басталды

ERNUR.KZ. Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қала әкімінің үстінен құрылыс компаниясының жетекшісінен мүлік түрінде пара алғаны жөніндегі арыз түскен. Қазір шағым иесінің сөздері тексеріліп жатыр.

«Арызда Машуров «Тамыз Инвест Групп» АҚ құрылыс компаниясының басшысы бола тұрып, Хорошунға қамқорлық жасау үшін мүлкін беріп отырғаны көрсетілген. Қазіргі таңда Машуровтың дәлелдері тексерілуде. Қылмыстық іс жүргізілуде. Құқықтық-процестік кодекстің 201-тармағына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», - деді ҚР МҚІСЖҚІА ресми өкілі Нұрлан Жахин.