"Атамекен" шымкенттік кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетеді

0
2 121

2017 жылы 2981 әйел көмек пен кеңес алу үшін өтініш жолдаған. Бұл өтініш бергендердің жалпы санының 30%-ын құрайды.


Бүгін өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Атамекен" ҚР ҰКП президиум төрағасы хатшылығының басшысы, "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззәт Рамазанова шымкенттік кәсіпкер әйелдермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесу барысында кәсіпкер әйелдер өздерінің көкейтесті сауалдарын қойып, бизнестегі мәселелерді талқылады. Өңірдегі кәсіпке қолдау беру керектігі жөнінде әңгімелесті.
Алма Архабаева басқаратын, үш жылдық тарихы бар Іскер Әйелдер Кеңесі қазіргі таңда табысты жұмыс жасауда. Кәсіпкерлер палатасының ІӘК-і құрамына Түркістан облысы аудандары мен Шымкент қаласының 120 белсенді әйелдері қосылған.
ІӘК-і облыстың барлық өңірлерінде бизнес жобаларды дайындап, жүзеге асыруда практикалық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, бизнестің, әлеуметтік белсенді азаматшалардың мәртебесін көтеруде сүбелі үлес қосуда.
Бизнес-бумендер түрлі қайырымдылы4 акцияларын ұйымдастырумен бірге іскерлік форумдар, оқыту семинар - тренингтер өткізеді. ІӘК-І бизнесте туындайтын проблемалармен күресуге де септігін тигізуде.
2017 жылы 2981 әйел көмек пен кеңес алу үшін өтініш жолдаған. Бұл өтініш бергендердің жалпы санының 30%-ын құрайды.
3 жыл қызметі жолындағы ІӘК-ң негізінде құрылған 3 қауымдастық:
- "Ademi style" брендімен тігіншілер кооперативі;
-Қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы (hand made).
-ОҚО Сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы;
Шара барысында ІӘК-і жүзеге асырылған және алдағы уақытқа құрылған жоспарлар талқыланды.
Л.Рамазанова жұмыс жасап тұрған бизнесті қолдау бағдарламасы мен ағымдағы бизнестің қажеттілігі жайын айта кетті.
Сондай-ақ, ІӘК-і қызметінің бизнестегі жетістіктерін тойлаумен қатар, ІӘК-і төрайымы Алма Архабаева ханымға алғыстарын білдірді.