Атышулы Руслан Жанпеисов Шымкентте қамауға алынды (видео)

0
1 412

Оған полиция қызметкерін қорлады деген айып тағылған.


Атышулы Руслан Жанпеисов Шымкентте қамауға алынды (видео)

фото: ашық дереккөзден

Руслан Жанпеисов Шымкент қаласында қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Полиция департаменттің ақпаратына сүйенсек, 2019 жылдың 18 маусымында Шымкент қаласының тұрғыны өзіне дене жарақатын келтіргені бойынша Руслан Жанпеисовтың үстінен Әл-Фараби аудандық полициясына арызданған.

«Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі «Бұзақылық» және 107 бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілген. Сондай-ақ, Полиция қызметкерін «Қызмет көрсету кезінде қорлау» фактісі бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда құқықбұзушы Шымкент қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалған.