Аз қамтылған азаматтарға коммуналдық шығындарын өтеу үшін мемлекеттен көмек беріледі

0
738

Коммуналдық көмекті кімдер қалай ала алады?


Аз қамтылған азаматтарға коммуналдық шығындарын өтеу үшін мемлекеттен көмек беріледі

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық шығындарын өтеу үшін мемлекеттен көмек беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндай қолдау түріне үміткер бола алатын адамдар санатына жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке қабілетті қазақстандықтар жатады. Бірақ бұл бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды күтетін адамдар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналар да көмек ала алады.

Тұрғын үй көмегі меншігінде пәтері бар немесе тұрғын үйді жалға беретіндерге берілмейді. Сонымен қатар, өтініш беруші ғана емес, онымен бірге тұратындардың барлығында пәтері немесе үйі болмауы тиіс.

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындар отбасының жиынтық табысының орта есеппен 10%-нан асқан кезде беріледі.

Жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар және әскери интервенция жылдарында Ауғанстанда қызмет еткен сарбаздар үшін бұл үлес 6% деңгейінде.

Жеке алынған отбасы мысалында тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері қандай формула бойынша есептелетінін көрсетеміз:

Ахметовтар отбасының жиынтық табысы 50 000 теңгені құрайды. Заң бойынша, ТКШ қызметтері үшін төлем олардың табысының 10 пайызынан аспауы тиіс, яғни 5000 теңге ғана. Барлық түбіртектер бойынша отбасы сәуір айында 18 000 теңге төлеуі тиіс. Мұнда тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері 13 000 теңгені құрайды, яғни есептелген төлемдер мен табыстың 10% арасындағы айырмашылық. 18 000 – 5000 = 13 000

Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін есептеу кезінде отбасы табысының барлық түрлері жинақталып есептеледі. Еңбек ақының, зейнетақының, стипендияның барлық түрлері, Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген залалды өтеу тәртібімен алынған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік жәрдемақылар, алименттер, біржолғы сомалар есепке алынады. Сондай – ақ, жеке қосалқы шаруашылықтан (саяжайлар мен бақшалардан басқа), кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс та есептеледі. Тұрғын үй көмегін алушылардың табыстары туралы анықтамаларды әр үш ай сайын тапсыруға тура келеді – дәл осындай мерзімге әр жолы төлемдер тағайындалады. Жұмыссыздар ай сайын есеп беруі керек.

Тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға табысты растайтын мынандай құжаттарды тапсыру қажет:

- жеке куәліктің көшірмесі;
- тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
- тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс пен телекоммуникация қызметтеріне ақы төлеу туралы алдыңғы тоқсандағы түбіртектердің көшірмелері;
- орталық газбен жабдықталмаған үйлер үшін - газ баллондарын сатып алу туралы анықтаманың көшірмесі;
- жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;
-тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын бір фазалық есептеуіштің құны түбіртек-шотының көшірмесі.

Егер сіз заңды некеде болсаңыз, бірақ жұбайыңыз қандай да бір себептермен сіздің пәтеріңізде тұрмаса, оның табысы тұрғын үй көмегін есептеу кезінде ескерілетінін білу маңызды.