Азық-түлік бағасының қымбаттауы жағынан Шымкент Нұр-Сұлтан қаласын басып озды

0
2 124

Шымкент қаласы азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша тіпті, Елордасы Нұр-Сұлтан қаласынан да басып озған.


Азық-түлік бағасының қымбаттауы жағынан Шымкент Нұр-Сұлтан қаласын басып озды

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Республикамыздың өзге өңірлерімен салыстырғанда Шымкент қаласында азық-түлік бағасы шарықтап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жайлы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.


«Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында азық-түлік тауарларына бағаның жоғары өсуі байқалады», - деген еді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Яғни, жоғарыда көрсетілген (Р.Дәленов Үкімет отырысында көрсеткен) слайдта Шымкент азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша тіпті, Елордасы Нұр-Сұлтан қаласын да басып озған. Ел астанасында баға 7,7 пайызға өссе, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 8,5 пайызды құрап отыр.

Ал азық-түлік құнының Шымкентте шарықтап өсуінің себебін қалада тұрақтандыру қорының болмауынан деп түсіндіреді жауаптылар.

"Тұрақтандыру қоры бізде әлі құрылған жоқ. Бұрын болған. Бірақ ол қазір Түркістан облысына қарасты. Өзге өңірлердің тұрақтандыру қоры бар. Бағаны түсіріп, ұстап тұра алады. Кешегі Үкімет отырысында қаулыға қол қойылды. Бізде құдай қаласа ашылады. Ақшасы 1,3 миллиард теңге қарастырылған", - деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нүркен Бегулиев.