«Басы мен аяғы пакетпен оралған»: Шымкентте ер адамды өз үйінде өлтіріп кеткен

0
2 314

Күдікті ретінде бұрын да адам өлтірген 55 жастағы әйел ұсталып, қамауға алынған.


«Басы мен аяғы пакетпен оралған»: Шымкентте ер адамды өз үйінде өлтіріп кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде өз пәтерінен 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды және бұрын да кісі өлтіріп сотты болған күдікті әйел қазір қамауда отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары марқұмның кісі қолынан қаза болғанын анықтаған. Көршілерінің айтуынша, жәбірленушінің басы мен аяғы полиэтилен пакетіне орап тасталған.

Бұл қылмысқа байланысты Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел іздестіру тобы қажетті шараларды жүргізіп, көп ұзамай күдікті ретінде 55 жастағы әйелді құрықтаған. Ол 1963 жылы туған Түркістан облысының тумасы бұрын адам өлтірген және бірнеше рет сотты болған. Сонымен қатар, жазасын өтеп, кейіннен шартты түрде босатылған 56 жастағы әйел қазір Шымкент қаласының тұрғыны екен және көршілерінің айтуынша, марқұм ер адаммен биылғы сәуір-мамыр айларынан бері бірге тұрған.

Қазір күдікті Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.

Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу амалдарды жүріп жатқанын мәлімдеді.