"Басын кесіп алған": Шымкенттік тұрғын ер адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды

0
822

Күдіктінің 2001 жылы туған азамат екені анықталған.


Шымкент қаласында "ер адамның басын кесіп алған" деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осы жылдың 8 қарашасында полицияға Қаратау ауданының "Қайнар бұлақ" саяжай массивінде 1967 жылы туылған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған факті бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы полиция басқармасымен ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 2001 жылы туған күдікті азамат анықталып, ұсталған.