Бейбітшілік даңғылы Шымкенттің жаңа Арбатына айналады

0
1 729

Шымкенттегі салынып жатқан жаңа Арбатта суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады.


Бейбітшілік даңғылы Шымкенттің жаңа Арбатына айналады

ERNUR.KZ. Даңғылдың бір бөлігінде қазір құрылыс жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері көшенің бұл бөлігі өз атауына толық сай болады деп уəде беруде. Болашақ қазірден басталатындықтан, қала əкімі құрылыстың əр кезеңін бақылауына алды, ERNUR.KZ ақпараттық порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үшінші мегаполистің Арбаты тек көрікті ғана емес, қала тұрғындарының демалуына барынша қолайлы орын болмақ. Арбаттың аумағы демалыс, шығармашылық секілді аймақтарға бөлініп, велосипедшілердің де өз жолы болады. Ал суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады.

Бұл Арбатта бірегей жұлдызнама-орындықтар, жазуы бар жəне судағы орындықтар, ерекше жарықшамдар болады. Ал демалыс орнының дəл ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалады. Ол жаяу жүргіншілер жолының бір аймағына айналады.

Айта кетейік, Арбат көшенің бүкіл енін алады, ал ұзындығы 430 метр болмақ. Бұл аумаққа хризантема жəне канны гүлдері, көп жылдық ағаштар егіледі. Сарқырамалар орнатылып, Бейбітшілік көшесінің Республика даңғылы жəне Əл-Фараби алаңымен қиылысына арка орнатылмақ.