Биыл Шымкентте 500-ге жуық азаматқа қайтарымсыз грант беріледі

0
675

Бұл туралы қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Шағдат Әсетұлы брифинг барысында мәлімдеді.


Биыл Шымкентте 500-ге жуық азаматқа қайтарымсыз грант беріледі

2023 жылы Шымкент қаласында ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін 447 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарлануда, деп хабарлайды

Бұл туралы қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Шағдат Әсетұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Ол үшін үміткерлер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
– қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
өңіраралық қоныс аударушылар
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Айта кетейік, азаматтар комиссия отырысында өз идеясы мен бизнес жоспарын қорғап шыққан соң, ғана грантқа қол жеткізеді.