Биыл Шымкентте 77 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек

0
1 349

Мегаполис әкімі Тұран шағынауданында құрылысы аяқталған мектепте барды.


Биыл Шымкентте 77 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек

Шымкент қаласының әкімі Тұран шағынауданында «Shymkent» ӘКК» тапсырысымен салынып жатқан 8 үйдің құрылысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мұнда мердігер «Бек Строй Сервис» ЖШС жоспар бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмысы 2018 жылдың желтоқсан айында басталған болса, тұрғын үйлер сәуір және маусым айында пайдалануға берілетін болады.

"Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес іске асуда. Жұмыс барысы 2 кезектен тұрады. Бірінші кезекте - 2 үй тұр. Оларды сәуір айында тапсырамыз. Екінші кезекте - 6 үй. Ал біз барлық 8 үйдің құрылысын сәуір айында толық аяқтамақпыз", - дейді құрылыс компаниясының қызметкерлері.

Мұнан соң, Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданында құрылысы аяқталған мектепте барды. 1200 орынды білім ошағы төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға дайын тұр.

Фото автор: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласында биыл 77 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовтың айтуынша, құрылысы биылға жоспарланған 77 үйдің 24-і кредиттік, 8-і арендалық. Ал Тұран шағынауданында 41 үйдің құрылысы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялан.

Барлық құрылыс нысандарының жұмысымен танысқан М.Әйтенов тиісті мамандардың барлығына жұмыла жұмыс істеуді тапсырды.