​«Біздің дендросаябақ бұдан таза»: Әбдірахымов Шымкентті Лондонмен салыстырды (видео)

0
2 795

Ол Шымқаланың саябақтары батыс елінен әлдеқайда таза екендігімен мақтанды.


​«Біздің дендросаябақ бұдан таза»: Әбдірахымов Шымкентті Лондонмен салыстырды (видео)

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Лондондағы саябақ пен Шымкенттегі дердросаябақты салыстырып, адамдардың барлық жерде де бірдей екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әкім бұл туралы өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында видео жолдады.


«Greenpark. Лондон. Таңғы сағат 6.30. Адамдар барлық жерде бірдей... Ол Шымкентте ме, Лондонда ма?! Бөтелкелерді тастап, билікті кінәлайды. «Жинамайды» деп... Көрдіңіздер ме, қоқыс... Шынымды айтсам, таңғы 6.30-да біздің дендросаябақ бұдан әлдеқайда таза болады. Дегенмен, Лондонның саябақтары әлемдегі ең таза боп саналады. Әрине, біздің Шымкенттің саябақтарынан кейін ғана!», деп сәлем жолдады Әбдірахымов.

Айта кетейік, шымкент қаласының басшысы Лондон қаласындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің штабпәтерінде келіссөздер жүргізуге барған болатын.