«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: Шымкентте азаматтарды марапаттау рәсімі өтті

0
580

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылып жатқанына 5 жыл толды.


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: Шымкентте азаматтарды марапаттау рәсімі өтті

Биыл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақала ретінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылып жатқанына 5 жыл толды. Осыған орай Шымкентте бағдарламаның жүзеге асырылуына атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада өткен жиынға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов, басқармаға қарасты «Рухани жаңғыру» бөлімінің жетекшісі Зәуре Оралбаева, зиялы қауым өкілдері мен түрлі басқармалардың, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, оқушылар қатысты.
– «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аты айтып тұрғандай, ең алдымен, отандастарымыздың рухани дамуына бағыт беріп, ел өмірінің мәдени саласын дамытуға үлкен сеп болды. Дегенмен, бағдарлама бұл бағыттармен шектеліп қалмай, Қазақстанның дамуының барлық саласын қамтыды деп сеніммен айта аламыз. Бағдарламаның жүзеге асуында жұмыс атқарып жатқан баршаңызға алғыс айтамыз. Биыл қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қадағалуымен бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады, – деді басқарма басшысы Мұратжан Шотанов.
Жиынға қатысушылар осынау бес жылдықта көп жұмыс атқарылғанын тілге тиек етіп, әр өңірде нақты жобалар жүзеге асырғанын, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де қолға алынып келе жатқанын айтты.
Жалпы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты – ұлтты ұйыстыру, қазақстандықтардың бірлігін арттырып, қоғамның ескіден арылып, жаһандық үдерісте ұлттың кескін-келбетін сақтау. Бағдарлама іске қосылғалы алғашқы үш жылда 13 арнайы жоба болса, қазіргі таңда бағдарлама аясында 6 бағыт бойынша 17 арнайы жоба іске асырылуда.