Бүгін Шымкентте коронавирустан екінші адам көз жұмды

0
804

58 жасар азамат инфекциялық ауруханасының жан-сақтау бөлімінде 14 сәуір күні көз жұмды.


Бүгін Шымкентте коронавирустан екінші адам көз жұмды

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туылған Түркістан облысы Қазғұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен "Қарағанды-Новосбір», бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген.
58 жасар азамат инфекциялық ауруханасының жан-сақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ аппаратына қосылған.
Науқас бұған дейін артериалдық гиперензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған.
Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, Республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген.

Бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында корнавирус жұқтырғандар саны 39 болса, қайтыс болғандар саны 2- ге жетті.