COVID-19: Шымкентте 112 мыңнан астам адам ревакцинацияланды

0
414

Pfizer вакцинасының I компонентін 46 564 адам, II компонентін 21 738 адам қабылдады.


COVID-19: Шымкентте 112 мыңнан астам адам ревакцинацияланды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 9 ақпан күні коронавирустың 37 жағдайы тіркелді, (белгілері бар – 29, белгілері жоқ – 8), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 26%-ды құрайды, 578 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 205 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –
130 төсек орын бар, 24 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 302 адам вакцина алды (I компонент- 178, II компонент- 124). Егу науқаны басталғалы барлығы 597 341 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 468 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 46 564 адам, II компонентін 21 738 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 112 308 адам ревакцинацияланды.