COVID-19: Шымкентте 168 жағдай тіркелді

0
370

27 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


COVID-19: Шымкентте 168 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 26 қаңтар күнге КВИ-дің 168 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 72, белгілері жоқ – 96), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 27 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 141 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 886 орын бар, төсек орын толымдығы 39%-ды құрайды, 538 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 348 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 138 төсек орын бар, 44 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 386 адам вакцина алды (I компонент- 187, II компонент- 199). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 987 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 587 адам вакцинаның екі компонентін алды. 79 537 адам ревакцинацияланды.

Pfizer вакцинасының I компонентін 35 181 адам, II компонентін 14 644 адам қабылдады.