COVID-19: Шымкентте 8 жағдай тіркелді

0
436

Ауырғандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.


COVID-19: Шымкентте 8 жағдай тіркелді

Шымкентте соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 8 жағдай анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауырғандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда қаладағы инфекциялық-стационарларда 718 орын бар әзірленген, төсек -орын толымдығы 10,2%-ды құрайды.
Инфекциялық ауруханаларда 73 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 115 төсек орын әзірленіп, онда 14 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 190 адам вакцина алды (I компонент- 41, II компонент- 149). Егу науқаны басталғалы барлығы 597 859 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 584 449 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.
Pfizer вакцинасының I компонентін 50 813 адам, II компонентін 28 258 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 125 016 адам ревакцинацияланды.