​COVID-19: Шымкентте мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

0
1 786

1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді.


​COVID-19: Шымкентте мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Бүгінде олар күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (337 кәсіпкерлік нысан, 19 жеке нысан).
Сонымен қатар, қалада 01 сәуір күнге КВИ-дің 96 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 60, белгілері жоқ - 36). 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-560, Атамекен клиникасы-500, ЖШС «14 емдеу орталығы»-320 орын), төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, 1067 төсек орын бос.
Өткен тәулікте 2329 адамнан ПТР алынды.