COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 7 мыңға жуық адам екпе салдырды

0
388

Егу науқаны басталғалы барлығы 358 446 адам вакциналанды.


COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 7 мыңға жуық адам екпе салдырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясына қарсы 6379 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Егу науқаны басталғалы барлығы 358 446 адам вакциналанды. Оның ішінде 251 852 адам вакцинаның екі компонентін алды.

27 шілде күні қалада КВИ-дің 421 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 359, белгілері жоқ – 62). 285 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 136 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 106 орын бар. Төсек-орын толымдығы 65 %-ды құрайды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте ішінде 815 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.