Департамент басшысы: «Бизнес ісіне кедергі келтірген лауазымды тұлғалар заңмен қудаланады»

0
1 188

«Галстуксыз» форматта іс-шара өтіп, аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.


Департамент басшысы: «Бизнес ісіне кедергі келтірген лауазымды тұлғалар заңмен қудаланады»

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланған «Галстуксыз» форматтағы іс-шарада:

«Бизнес пен инвесторларды қорғау біздің мекеменің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгін біз "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына мақсатты түрде бизнес қауымдастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін келіп отырмыз. Біз инвесторлармен тікелей қарым-қатынас осы бағыттағы өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бизнес ісіне лауазымды тұлғалар тарапынан кез келген араласу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданатынын және заң бойынша қудаланатынын атап өткім келеді. Біз қолжетімді, ашықпыз және Сіздерді белсенді қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді Асхат Жұмағали.


Сондай-ақ, кездесу барысында Асхат Жұмағали үй тоқыма, кілемдер және мақта-мата иірімдерін өндірумен айналысатын «АГФ групп» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС және «Azala Cotton» ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдарында болып, жұмыстарымен танысты.

Айта кету керек, қалалық Департамент жалпы сомасы 49 млрд. теңгеден астам 20-ға жуық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда және 50-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған.