«Діни экстремизмнің алдын алу»: Шымкентте жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
449

Алдағы уақытта жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бірлескен іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.


«Діни экстремизмнің алдын алу»: Шымкентте жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараға Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұржан Күндебай, Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» ақпараттық - насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Дәлелхан Оспанов және Шымкент жоғарғы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.

Теолог маман өз кезегінде студенттерге қазіргі әлемде болып жатқан соғыс, бүлік, түсініспеушілік, айыпталулардың негізгі себебі – білімсіздік екенін атап өтті. Өз тәжірибесінде қаншама жат ағымдардың жетегінде кеткен адамдармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ол адамдардың діни сауатсыз екендігін жеткізді. Сондай–ақ ата-анаға құрмет көрсетудің маңыздылығы дінімізде де, салтымызда да жоғары екенін жастарға түсіндірді.


Сөз соңында студенттер теолог маманға көкейтесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Алдағы уақытта жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бірлескен іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.