«Дүниежүзілік донорлар күні»: Шымкентте акция ұйымдастырылды

0
564

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтің брифинг барысында мәлімдеді.


«Дүниежүзілік донорлар күні»: Шымкентте акция ұйымдастырылды

Шымкент қаласында «Дүниежүзілік донорлар күні» аясында өтеусіз тұрақты донорларға арналған акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтің брифинг барысында мәлімдеді.
«14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлары күні Шымкент қалалық қан орталығында өтеусіз тұрақты донорлардың қатысуымен «Қан донорлығы – ынтымақтастық негізі!», «Донор болыңыз және адам өмірін сақтауға үлес қосыңыз» деген ұрандармен арнайы іс-шара өтуде. Бұл күні құрметті донорларымыз адам өмірін сақтаумен қатар, қоғамдағы ынтымақты нығайтуға үлкен үлес қосуда. Бұл іс-шараның мақсаты – ерікті қан донорларына ризашылық білдіру, қанды тұрақты және өтеусіз тапсырудың қажеттігі туралы халық арасында мейілінше көбірек хабар тарату, қоғамдық ынтымақтастық пен әлеуметтік бірлікті нығайту үшін ерікті өтеусіз қан донорлығының маңыздылығын мойындау және насихаттау», - деді Нұрлыбек Абибуллаұлы.

Айта кетейік, 18 маусым күні сағат 10:00-18:00 аралығында қала тұрғындары «Өзгеге өмір сыйла!» қан тапсыру акциясы аясында қалалық қан орталығында ерікті түрде қан тапсыра алады. Орталықта күніне орта есеппен 150-200 ерікті донор қан тапсырады.