Е.АЙТАХАНОВ: «Әуежай терминалының құрылысы 2020 жылы аяқталады»

0
1 102

Нысан Елбасының тапсырмасымен жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр.


Е.АЙТАХАНОВ: «Әуежай терминалының құрылысы 2020 жылы аяқталады»

Шымкент қаласының әкімі баспасөз мәслихатында құрылыс нысандары жайлы баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Елбасының тапсырмасымен жеке инвесторлардың есебінен Шымкентте жаңа әуежай терминалының құрылысы басталғанын айтқан әкім ол нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталатынын айтты. Сонымен қатар, келесі жылы Темір жол вокзалының ғимараты қайта құрудан өтетін болады.

Сондай-ақ, қала басшысының айтуынша, 2019 жылы Шымкенттегі 43 көше күрделі, 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген және 90 шақырым топырақ жолдарға тас төселді. Ал, 2020 жылы шалғайда орналасқан 40 елдімекеннің сексен негізгі көшелерін асфальттау жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық көлік жүргізу мәселесі қаралады. Сонымен қатар, елдімекендердегі 48 көше күрделі, 73 көше орташа жөндеуден өтеді және топырақ жолдарға толығымен тас төселетін болады. Одан бөлек, қаланың 7 магистралды көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.