Е.Айтаханов: «Құнды дүниелер мен жаңалықтарды оқырмандарға үзбей ұсынсақ нұр үстіне нұр болар»

0
1 028

Шымкент әкімі «Айқан» газетінің бас редакторымен кездесті.


Е.Айтаханов: «Құнды дүниелер мен жаңалықтарды оқырмандарға үзбей ұсынсақ нұр үстіне нұр болар»

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов республикалық «Айқын» қоғамдық- саяси газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараны қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесуде тараптар мемлекет саясатын жүзеге асыру, елдегі орын алып жатқан маңызды оқиғаларды оқырмандарға дұрыс жеткізу жайында сөз қозғады.


Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманында да газеттің тәрбиелік мәні ерекше екенін атап өтті.

«Газетті руханияттың негізгі тірегі деп қарауымыз керек. Газет оқыған ұрпақ сөзсіз жаман болмайды. Оны уақыт дәлелдеуде. Мемлекеттік идеологияны насихаттайтын құралдың бірі әрі бірегейі де – газет. Демек, осы бағытта жүйелі жұмыс істеп, құнды дүниелер мен жаңалықтарды үзбей оқырмандарға ұсынсақ нұр үстіне нұр болар», - деді шаһар басшысы.


Сонымен қатар, кездесу соңында тараптар алдағы уақытта қоян-қолтық жұмыс істеуге уағдаласты.