Е.Айтаханов: «Шымкентте шығарылатын құрылыс материалдары сапалы болуы тиіс»

0
1 338

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау тапқан аталмыш зауыт қарқынды жұмыс істеп, даму үстінде.


Е.Айтаханов: «Шымкентте шығарылатын құрылыс материалдары сапалы болуы тиіс»

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов темірбетон бұйымдарын шығаратын «DALA-CONSTRUCTION.KZ» кәсіпорынының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іссапар барысында кәсіпкерлікті дамыту бағытында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаулар жемісін беріп келетінін айтқан шаһар басшысы бүгінде қалада орналасқан осы сынды кәсіпорындар жұмысы жанданып, экономикалық өсімнің артуына өз үлестерін қосып жатқандарын жеткізді. Сонымен қатар, Шымкентте шығарылатын құрылыс материалдары ең жоғары стандартқа сай әрі сапалы болу керек екенін баса айтты.

Одан бөлек, қала әкімі аталмыш кәсіпорын шығаратын есіктерді де көріп, отандық өнімдерді қай салада болмасын қолдау керегін назарға алды.

Атап өтсек, бұл кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – темірбетон бұйымдары мен құрылыс жылытқыштарын және заманауи қоршау жүйелерін шығарады. Зауыт жылына 14 мың тонна темірбетон, 20 мың шаршы метр жылытқыштар мен 12 мың шаршы метр қоршау жүйелерін өндіріп келеді.

Айта кетейік, «ДАЛА-ҚҰРЫЛЫС» инертті материалдарды өндіруден бастап және дайын өнімді құрылыс нысанына жеткізумен, өндіріс тізбегін толықтай қамтамасыз етіп, құрылысқа арналған материалдар мен бұйымдарды өндіруде заманауи тәсілді қолданатын кәсіпорындардың бірі әрі бірегейі саналады.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі