Елжан Біртанов Шымкентте вирус жұқтырған 23 науқастың қалай анықталғанын айтты

0
505

Шымкентте бір тәулікте коронавирус 23 науқастан табылған.


Елжан Біртанов Шымкентте вирус жұқтырған 23 науқастың қалай анықталғанын айтты

Өткен тәулікте Шымкентте коронавирус 23 науқастан табылған. Оның 16-сы – төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Өткен тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі 8,2 процентті құрады. Ең көбі Алматы қаласында - 82 науқас және Шымкентте 23 науқас", - деді Біртанов үкімет отырысында.

"Шымкентте тіркелген 23 науқастың 16-сы скрининг бойынша анықталған науқастар. Төтенше жағдай департаментінің азаматтары. Қалғандары емделіп жатқан пациенттер және карантинде жатқандар", - деді министр.