Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды

0
955

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!


Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды

2019 жылдың 21 қарашасы күні республика көлемінде «Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні» жалпы республикалық іс-шарасы өткізілетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы 2019 жылдың 21 қарашасы күні сағат 09:00-ден бастап қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Қабылдау Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында өткізіледі. (Н.Назарбаев даңғылы, №10 ғимарат). Қабылдауға жазылу №107 кабинетте жүргізіледі.

Анықтамалық телефон: 8(7252)24-71-30.