Ерлан Айтаханов "Shymkent City" тұрғын алабындағы пәтерлердің жылуын тексерді

0
1 013

Тұрғындардың уәждерін тыңдаған қала әкімі әр үйдің жертөлесі мен әр пәтерге кіріп көріп, жылудың қосылғанын тексерді.


Ерлан Айтаханов

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов "Shymkent City" тұрғын алабын аралады. Тұрғындармен кездескен шаһар басшысы жылу бойынша проблема туындаған үйлерді арнайы аралап, жағдайды өз көзімен көріп, тұрғындармен сұхбаттасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша тоқталған қала әкімі жауапты мамандардың салғырттығынан халық зардап шекпеу керектігін қадап айтты.

"Алдымызда қыс мезгілі келе жатыр. Қазіргі басты мәселе-тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету. Бұл мәселе менің жеке бақылуымда болып, күнара өзім арнайы тексеріп тұратын боламын" деді Ерлан Қуанышұлы.

Айта кетсек, 2018 жылы бой көтеріп,қолданысқа берілген үйлерге тұрғындар әлі толық қоныстанбаған. Салдарынан су, жылу жүйесінің құбырларында циркуляция жұмыстары жүргізілмеген, одан бөлек газ жүйесі толық қамтылмаса, ауызсу, газға төлеу үшін жеке дербес шот ашылмаған. Осыған байланысты қала басшысы әр аулаға жауапты тұлғаларға тұрғындардан тиісті құжаттарды жинап, жауапты мекемелерге барып, құжаттарды реттеуді тапсырды.

Тұрғындардың уәждерін тыңдаған қала әкімі әр үйдің жертөлесі мен әр пәтерге кіріп көріп, жылудың қосылғанын тексерді. Сонымен қатар, тұрғындарға алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермейтіндігін айтып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Былтыр пайдалануға берілген 12 тұрғын үйді (732 пәтер) жылу жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, бүгінгі таңда жылыту қазандығы қажетті электр, су, газ жүйесі және резервтік дизельдік генератормен қамтылып, толық іске қосылды. Қалалық әкімдік пен “Қуатжылуорталық-3” МКК мамандары тарапынан жылуды пәтерлерге тарату бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Айта кетейік, бұған дейін үшінші мегаполисте жаңадан салынып жатқан «Шымкент сити» тұрғын үй алабының жылусыз отырғаны туралы, «Жаңа әкім қайда қарап отыр?»: «Шымкент сити» тұрғындары қысты жылусыз өткізе ме? - деген материал жариялаған болатынбыз.