Ерлан Айтаханов жетім қызға баспана беруге уәде етті

0
1 264

Қазір Надежда жалдап тұратын баспананың ақысын демеуші төлейтін болады.


Ерлан Айтаханов жетім қызға баспана беруге уәде етті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мүгедек балаларға арналған жетімдер үйінен шыққан қызға баспана тауып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Зәуре Мырзақожаева есімді азаматша Facebook желісіндегі парақшасына жазған. Оның айтуынша, жетімдер үйінің түлегі Надежда есімді қыз баспанасыз қалып, оны бейтаныс әйел көше кезіп кетуден құтқарып қалған.

Сондай-ақ, Зәуре Мырзақожаеваның ақпаратына сүйенсек, енді Надежда жалдап тұратын баспананың ақысын демеуші төлейтін болады. Ал, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов 2020 жылдың соңына дейін мүгедек қызға пәтер берілетінін айтқан.

«Іс оң нәтиже берген секілді. Мүгедек балаларға арналған жетімдер үйінің түлегі Надежда Климоваға Шымкенттен жақсы баспана табылды. Жалдамалы пәтердің ақысын ай сайын қалалық әкімдік тапқан демеуші төлейді. Сонымен қатар, Надежда қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесіп, өз шаһар басшысы 2020 жылдың соңына дейін пәтер беруге уәде етті», - делінген Зәуре Мырзақожаеваның жазбасында.

Айта кетейік, Зәуре Мырзақожаеваның айтуынша, Надежда ертең үйіне көшіп кіреді. Тиісінше оған төсек-орын, ыдыс-аяқ сияқты тұрмысқа қажетті заттар керек екенін айтып, қазақстандықтардан қиын жағдайда қалған қызға көмектесуді сұрады.