​Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

0
3 766

Осынау мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, деп ізгі тілегін жолдады Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ.


​Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

сурет:shymkent.gov.kz

Шымкент қаласының әкімі қала тұрғындарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары!

Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын күн. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде Елбасының дана саясатының, дара көшбасшылығымен еліміз ерен жетістіктерге қол жеткізді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, экономикасы қуатты, еңселі ел атануы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл күн жалпы халық болып атап өтетін мерекеге айналды.

Талай асуларды бағындырған мемлекетіміздің әлем қауымдастығы алдындағы абыройы артуда. Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен тең дәрежеде әріптестік орнатып, ғаламдық маңызды бастамалардың ордасына айналды. Әлем жұрты елімізді көптеген игі істермен танып-білуде.

Елімізді мекендеген түрлі этностар өзара тату өмір сүруде. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президетіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі. Жүйелі жоспар мен қажырлы еңбектің нәтижесі.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауы ел дамуында маңызды бағыттарды көрсетіп берді. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасындай «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлт тарихын түлетуде тың серпін беріп отыр.

Қадірлі жерлестер!

Осынау мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, деп ізгі тілегін жолдады Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ.


Дереккөз:shymkent.gov.kz