IMPACT OLYMPIAD: Шымкенттік мұғалім жүлделі орын иеленді

0
558

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.


IMPACT OLYMPIAD: Шымкенттік мұғалім жүлделі орын иеленді

Шымкенттік ұстаз "Математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының IV Халықаралық ашық шығармашылық байқауында жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған сайыс Алматы қаласындағы Республикалық Физика-Математика мектебінің 50 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Байқау қорытындысы бойынша IV Халықаралық ашық шығармашылық байқауы IMPACT OLYMPIAD-сынан Шымкент қаласы білім басқармасының А. Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Хабибуллаев Жәнібек III орынды иеленді.

Білікті ұстаз бұған дейінде бірнеше рет білімділер бәйгесінің жеңімпазы атанған.

Айта кетейік, Шымкент қаласы 2020-2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Күнделік» жүйесінде белсенділік танытқаны үшін «Алтын түйме» белгісіне ие болды. 2021-2022 оқу жылында қаламыздағы 203 мектепте 242 525 оқушы білім алса, оның ішінде 11 сыныпта - 11 189 оқушы,9 сыныпта – 19 251 оқушы. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Шымкент қаласы Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Бұл жердегі Полиция Департаментінің жауапты инспекторлары мектептердегі қауіпсіздікті тікелей бақылап отырады. Одан бөлек, мектептердің кіреберістеріне адам келбетін танитын турникеттер орнатылған және арнайы мамандандырылған күзет қызметтерімен 100% келісім шарт түзілген. Өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынса, биыл 17 мектеп салу жоспарлануда. Келер жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетін болады. Одан бөлек, Оқушылар сарайы мен Саз мектебі салынуда.