Шымкенттік тұрғын 1.700.000 теңге мен алтын ұрлаған

0
1 309

Жергілікті тұрғынның үйіне бетперде киген белгісіз азамат кіріп, пышақпен қорқытқан.


Шымкенттік тұрғын 1.700.000 теңге мен алтын ұрлаған

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында алаяқтық жасаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 1 тамызында Шымкент ҚІІД Қаратау Полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның үйіне бетперде киген белгісіз азамат кіріп, пышақпен қорқытқаны, темір сейфте болған 1.700.000 теңге мен жұп алтын сырғасын алып оқиға орнынан бой тасалағаны бойынша хабарлама келіп түскен.

Аталған жайт бойынша Қаратау ПБ-нің қызметкерлерімен жедел топ құрылып, полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілу барысында шамамен 20-25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап ұстаған.

Алаяқтық оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК «қарақшылық» бабымен тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.