Іздеуде болған: Шымкентте жас қыз 9-қабаттан секірмек болды

0
559

Тәртіп сақшылары қыздың ойын аулап, сөзге тарта отырып, оны ұстап алып қауіпсіз жерге шығарды.


Іздеуде болған: Шымкентте жас қыз 9-қабаттан секірмек болды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер 9-қабаттан секірмек болған қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көп қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында өз-өзіне қол жұмсамақ болып отырған жас қызды көрген тұрғын «102» арнасы арқылы полицияға хабарлаған.
"Аталған жайтқа шұғыл ден қойылып, жақын маңдағы патрульдік полиция полкіне бағдар берілді. Тәртіп сақшылары қыздың ойын аулап, сөзге тарта отырып, оны ұстап алып қауіпсіз жерге шығарды. Жедел жәрдем шақыртылып, азаматшаға психологиялық көмек көрсетілді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Мән-жайды толық анықтау үшін тұрғын Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілген. Айта кетейік, оқиға болардан екі күн бұрын жақындары полицияға қыздарының жоғалғандығы туралы арызданып, азаматша іздеуде болғаны белгілі болды.