​«Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев шымкенттік жастармен кездесті

0
1 759

«Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы шымкенттік жастармен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.


​«Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев шымкенттік жастармен кездесті

«Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев іс-сапармен Шымкент қаласына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сапар барысында Шымкенттегі «Айна» базарындағы консалтинг-орталықтың жұмысымен танысып, базардағы жастардың мәселесін тыңдады.

Жастарға мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасына ұсыныстар жиналды.

Сонымен қатар, "Jas Otan" Жастар қанатының Төрағасы шымкенттік жасотандықтармен кездесті. Мегаполия жастары қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары жайлы баяндап, қоғамдағы өзекті мәселелерді де талқылады.