«Jas цирк»: Шымкент Цирктің жаңа бағдарламасы көрерменге жол тартты

0
659

Халқаралық қойылымға Қырғызстан, Өзбекстан елдері және Нұр-Сұлтан қаласының цирк әртістері келді.


«Jas цирк»: Шымкент Цирктің жаңа бағдарламасы көрерменге жол тартты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Шымкент цирк мекемесі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерейлі мереке қарсаңында, 1-12 желтоқсан аралығында халықаралық деңгейде «Jas цирк» жаңа бағдарламасы көрермендерге жол тартады.
Бұл бағдарламада отандық және шетелдік әртістер, түрлі фестиваль жеңімпаздары және жанды дауыста «X-band» оркестрі өнер көрсетеді.
Халқаралық қойылымға Қырғызстан, Өзбекстан елдері және Нұр-Сұлтан қаласының цирк әртістері келіп, Шымкент циркте 12 күн бойына жаңа, қауіпті әрі қызықты нөмерлерін көпшілікке тарту етеді. Бұл бағдарламаларға жаңа номерлер енгізілді. Атап айтсақ, «Батут», «Ремни», «Семафор» «Канат» номері, «Качели» номерілері.
Aйта кетейік, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған «Оңтүстік – Цирк» 10 жылдың ішінде айтарлықтай жетістікке жетті. «Мачта» номері «Шабыт» фестивалінде 1 орынды, «Үйретілген күшіктер» номері ІІІ орынды жеңіп алды. «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінде «Семафор» және «Әуе гимнастары» номері І орынды «Канат» және «Серіппелі тақтайша» нөмерлері ІІ орын иеленді. Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивалінде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І орынды иеленді.
Шымкент цирк әлемдік цирк ұжымымен бірлесе жұмыс істейді. Өткен 10 жылдың ішінде Мәскеудің Никулин циркі, «Варшава циркі», ресейлік «Цирк на льду», «Цирк на воде», «Миллениум», «Қаладағы қасқырлар» және «Вьетнам циркі», «Принц Египта», «Запашный циркі», «Пілдер шоуы» циркі үшінші мегаполис жұртшыдығына қуантып, Шымкент цирк манежінде өнер көрсетті. Сонымен қатар Шымкент цирк әртістері де шет мемлекеттерге, атап айтқанда, Египет, Турция, Қытай, Ресей Федерациясы және Қырғызстан Республикасында гастрольдік іссапармен болып, тәжірибе алмасып қайтты. Қазіргі таңда І.Рахманкулов, А.Тағайбек және Е.Игенбеков Дубай қаласында өтіп жатқан «Экспоға» әртіс ретінде қатысып, өнер көрсетіп жүр.
Әр жыл сайын жаңа бағдарламаларымен көрермендерін қуантып келген Шымкент Цирк осы уақытқа дейін «Алақай, балақай!», «Ертегілер елінде» «Джунгли», «Иллюзион шоу», «Маскарад», «Ертегі ішіндегі ертегі» «Цирк шақырады», «13 ғажайып», «Наурыз-думан», «13 - Аймақ» «Таңғажайып керуен» және т.б қойылымдарын қойды.
2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында, Шымкент цирктің 10 жылдығына орай, жаңа форматта «Shymkent circus NEW», «Family Circus», «On цирк», «Jas цирк» бағдарламалары түзілді.