Қала әкімі Шымкентте өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына барша түркі халқын шақырды

0
1 507

Шымкент әкімі «Түрксой» халықаралық ұйымының Бас хатшысымен кездесті.


Қала әкімі Шымкентте өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына барша түркі халқын шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Түрксой» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған басқосуда тараптар түркі мәдениетін және өнерін дамыту жайын, бұл бағыттағы жұмыстарға Шымкент қаласының қосар үлесін сөз етті.

Сонымен қатар, әкім келер жылы Шымкентте өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасы жылында өткізілетін іс-шаралар барысымен таныстырып, барша түркі халқын аталмыш іс-шараның қадірлі қонағы болуға шақырды.

Сондай-ақ, Түрксой – алыстағы ағайынның дәнекері екенін айтқан қала басшысы алдағы уақытта халықаралық шаралармен бірге түркітілдес елдер арасында өтетін байқауларға қатысуға әрқашан қолдау көрсететіндігін жеткізді.