Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мәселелер шешімін табуда

0
1 614

Қабылдауда көтерілген мәселелердің 46 оң шешімін тауып, 44 мәселе бойынша жауапты қызметкерлерге жүктелген


Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мәселелер шешімін табуда

иллюстрациялық фото: economic-definition.com

ERNUR.KZ. Шымкенттік әкімдік есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдері күн сайын халықты қабылдап, көтерілген мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын қарастыруға тапсырма берілген. Осыған орай, Абай ауданының әкімі Б.Р.Парманов тапсырмаға сәйкес, азаматтарды қабылдау жұмысын, Абай ауданы әкімі аппаратында күн сайын сағат 9:00 ден -10:00-ге дейін жеке және заңды тұлғаларға жеке қабылдау өткізуде.

Бүгінгі күнге аудан әкімінің қабылдауында 90 адам болған. Оның ішінде 51 тұрғын, елді мекендердің инфрақұрылым жүйелерін дамыту, яғни жарық, ауыз су, табиғи газ және жол салу мәселелері көтерсе, 13 тұрғын, әлеуметтік-тұрмыстық ал қалғандары жеке мәселелерімен қабылдауда болған.

Сондай-ақ, қабылдауда көтерілген мәселелердің 46 оң шешімін тауып, 44 мәселе бойынша жауапты қызметкерлерге жүктелген. Сонымен қатар, уақыттың қажеттілігіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.