“Kazakhstan Fashion Week Shymkent” атты сән апталығы өтті

0
957

Аталған шара екі күнге созылды.


“Kazakhstan Fashion Week Shymkent” атты сән апталығы өтті

Үшінші мегаполисте “Kazakhstan Fashion Week Shymkent” атты сән апталығы өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған шараның басты мақсаты - отандық өнімді қолдау. Яғни өз елімізде шығарылатын киімдерді көпшілікке таныстыру.


“Бұл шара Шымкентте 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Сән апталығы жылына екі рет өтеді. Жалпы бұл іс-шара Қазақстанда өте танымал тарихы терең. Негізі Алматы қаласынан бастау алған. Бүгінгі көрсетілімде отандық дизайнерлердің киімдер топтамасы көрермен назарына ұсынылмақ. Сонымен қоса, шет елден келген қонақтар да болады. Сән апталығын елімізге белгілі дизайнер Айда Кауменованың топтамасы ашады. Арасында жаңа брендтер де бар. Сондай-ақ жергілікті жас дизайнерлердің жұмыстары да көрсетіледі. Көрсетілімнің басты демеушісі Lexus Shymkent пен Toyota орталығына алғысымыз шексіз! Бұл орталықтар бізді 2018 жылдан бері қолдап келеді”, - деді Sulumodels орталығының директоры Ақжамал Абилдаева.
Сән апталығының бірінші күнінде жалпы саны 8 топтама көрсетілді. Атап айтар болсақ, “Айда КауменОва”, “SAFA”, “Madita”, Alexey Chzhen”, “ШакербЭй”, “Адеми”, “YANG LAIN”, “Dana’s couture” топтамалары көрермен назарына ұсынылды.

“Kazakhstan Fashion Week Shymkent” көрсетіліміне жиналғандардың қарасы да аз емес. Сән апталығы залда отырған көрермендердің көңілінен шыққаны анық.
Бүгін өткен сән апталығы өте жоғары деңгейде өтті. Алған әсерім ерекше! Соның ішінде отандық дизайнерлердің киімдер топтамасын көріп ерекше қуандым. Осындай көрмелерден қалмауға тырысамын. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған”, - деді көрсетілімнен алған әсерімен бөліскен Шымкент қаласының тұрғыны Жұманова Зәуре.


“Біз бүгін сән апталығын ашамыз. Бүгінгі көрсетілімге жаңа топтама жасап алып келдік. Топтама 4 блоктан тұрады. 16 образ көрсетеміз. Бірінші топтамамызда кестелеп тігілген киімдер. Бұл киімдерді оңтүстік өңірі ерекше ұнатады. Екінші блок қызғалдақ гүлдері тігілген киімдер үлгісі. Заманауи фасонда тігілген. Үшінші топтамамызда тор матадан тігілген киімдерді ұсынамыз. Сонымен қатар, тоқылған жылы киімдер мен сырт киімдер де бар. Жаңа жылға арналған мерекелік образдар да бар”, - деді белгілі дизайнер Айда Кауменова.
Айта кетейік, аталған шара екі күнге созылды.