Қазақстанның барлық өңіріндегі төтеншеліктер Шымкентке келді

0
788

Жиын барысында практикалық іс-қимылдарға әзірлігі тексеріледі.


Қазақстанның барлық өңіріндегі төтеншеліктер Шымкентке келді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 2019 жылғы 5-6 қараша аралығында өтетін «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жергілікті атқарушы органдарымен, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарымен азаматтық қорғау бойынша өтетін оқу-жаттығу. Аталған жиын барысында азаматтық қорғауды қамтамасыз етуде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою барысында іс-шараларды орындау бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қалалық кіші жүйесін басқару органдары мен күштерінің практикалық іс-қимылдарға әзірлігі тексеріледі.

Бірінші кезеңде іс-шаралардың тұтас кешені пысықталады, ал екінші кезеңінде төтенше жағдайлардың шартты аймақтарында тәжірибелік іс-әрекеттер жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, "Қыс-2019" командалық-штабтық оқу-жаттығудың республикалық штабы Қарағанды облысының Қарағанды қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша республиканың барлық өңірлерінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ-ны жою жөніндегі іс-шараларға дайындығына баға беріледі.