​«КазАвтоГаз» су жаңа көлікті сыйға тартты (видео)

0
2 126

27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны су жаңа автокөлікті сыйға алды.


​«КазАвтоГаз» су жаңа көлікті сыйға тартты (видео)

ERNUR.KZ.Шымкенттік Игорь Чистяковке «КазАвтоГаз» су жаңа көлікті сыйға тартты, деп жазады Tvk телеарнасы.

«КазАвтоГаз» тағы да өз тұтынушыларына тосын сый жасады. Газ қондырғысын орнататын орталық кезекті рет ұтыс ойынын ұйымдастырып, 200 астам жүргізушілерге бағалы сыйлық үлестірді. Осылардың арасынан бағы жанған бір жүргізуші жаңа тұлпарды тақымдады.

Шараны Нысана әзіл-сықақ театрының белді мүшелері жүргізді. Жұртты қалың күлкіге қарық қылған әзілкештер ойынның бас-аяғына дейін қоржыннан сәтті билеттерді алып, келгендерге бағалы сыйлықтар таратып отырды.

«Келесі ұтыс ойыны біздің Алла бұйыртса 31 қарашада ойнатылады. Ол кезде біз Шымкент қаласынан екі бөлмелі пәтерді ойнатамыз. Ол үшін біздің орталыққа келіп газ қондырғысын орнатыңыздар. Тұтынушыларымыздың ешқайсысы сыйлықсыз қалмайды» - деді «КазАвтоГаз» ЖШС cату бөлімінің басшысы Бақыт Айдарова.

«КазАвтоГаз» мекемесі ұйымдастырған аз ұтыс - 20 литр жанармай.

Ұйымдастырушылар қонақтарына тәтті сусын мен балмұздақтан ауыз тигізді. Ұтыстың ең үлкені - су жаңа «Део Нексия» автокөлігі шымкенттік Игорь Чистяковтың еншісіне бұйырды. 27 жасар қала тұрғыны екі ай бұрын «КазАвтоГаз» мекемесінен өз көлігіне газ қондырғысын орнатып, ұтыс ойынына жолдама алған екен. Міне көппен бірге келіп, аяқ астынан жаңа темір тұлпардың иесі атанып төбесі көкке жетіп отыр.