Қажылыққа шымкенттіктердің алғашқы легі аттанды

0
1 627

Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық «Flay Nas» және отандық «СКАТ» әуе компаниялары тасымалдайды


Қажылыққа шымкенттіктердің алғашқы легі аттанды

Шымкент әуежайында қажылық сапарға алғашқы лекпен аттанған 147 азаматты жолға шығарып салу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ shymkala.kz порталына сілтеме жасап.

Жалпы, биыл қасиетті мекенге Шымкент қаласынан 750 азамат қажылыққа барады. Ал, Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық «Flay Nas» және отандық «СКАТ» әуе компаниялары тасымалдайды. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдері осындай ортақ мәмілеге келген.

Сондай-ақ, биыл қасиетті орынға құлшылық етуге елімізден 3200 азамат баратыны белгілі болды.