«Қазіргі әлемдегі Қазақстан»: Шымкент жастары зияткерлік сабағына қатысты

0
361

Бұған қаламыздағы жетекші 30 мектептен 900 оқушы қатысып, «Youtube» желісіндегі ресми канал арқылы тікелей трансляцияны тамашалады


«Қазіргі әлемдегі Қазақстан»: Шымкент жастары зияткерлік сабағына қатысты

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн сабақ ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» деп аталатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген сабақ еліміздегі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған.
Бұған қаламыздағы жетекші 30 мектептен 900 оқушы қатысып, «Youtube» желісіндегі ресми канал арқылы тікелей трансляцияны тамашалады. Сабақ барысында тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінге дейінгі хронологиялық кезеңдер түсіндірілді.
Айта кетсек, биыл аталған мектепке ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім грантын 145 үміткер иеленіп, 7-сыныпқа оқуға қабылданған.
Зияткерлік сабағы барысында барлық карантин талаптары қатаң сақталды.