Қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген шымкенттік олигархтың ұлына қатысты сот үкімі шықты

0
1 361

437 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген Жұмыспен қамту орталығының бұрыңғы басшысына 4 млн-нан астам айыппұл салынды.


Қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген шымкенттік олигархтың ұлына қатысты сот үкімі шықты

Мемлекет қаражатын жымқырған шымкенттік олигархтың ұлына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығының бұрыңғы басшысы Асылжан Жамалбеков 437 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Шымкент қалалық сотының мәліметінше, А.Ш.Жамалбеков 2015 – 2017 жылдар аралығында «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор қызметін атқарып жүріп, өз міндеттерін қызметіне ұқыпсыз қарауы салдарынан тиісінше орындамай, абайсызда мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық танытып, Қазақстан Республикасы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысының талаптарын сақтамай, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуына тексеру мен бақылауды өз деңгейінде жүргізбей, нәтижесінде сотталған И.Т.Джунусалиева және басқа тұлғалар тарапынан жеке кәсіпкерлердің есеп шоттарына тиісті қаражаттардың негізсіз аударылуына жол берілген.

Үкімнің мәні

Шымкент қаласының Әл Фараби аудандық сотының 24.02.2020 жылғы үкімімен Жамалбеков Асылжан Шарипбекович ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 /үш/ жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 2000 /екі мың/ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 4538000 /төрт миллион бес жүз отыз сегіз мың/ теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сотталған А.Ш.Жамалбеков сот үкiмі заңды күшiне енген күннен бастап бiр ай ішінде айыппұлды төлеуге мiндеттелді.

Судья сотталушының жазасының түрі мен көлемін айқындай отырып, А.Жамалбековтың жасаған әрекеті абайсызда жасалған онша ауыр емес қылмысқа жататыны, оның жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың жиынтығы – жасаған қылмысын мойындап, шын өкінуі, асырауында жасөспірім үш баласы болуы, ал ауырлататын мән жайлардың анықталмауы негізінде оған айыппұл жазасын тағайындауға негіз бар деп тапты.

Судьямен үкім оқылып болған соң, сот не себепті мұндай үкім қабылдағаны жөнінде іске қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп өтті.