«Халық қатысатын бюджет»: Шымкентте 10-нан астам ойын алаңшасы орнатылады

0
484

Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.


«Халық қатысатын бюджет»: Шымкентте 10-нан астам ойын алаңшасы орнатылады

Шымкент қаласында 2021 жылмен салыстырғанда «халық қатысатын бюджет» үлесі бес есеге артып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл жалпы 148 жобаға қаржы бөлінді.

Қала әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есепті кездесуінде бұл бағыттағы жұмыс жоспарларынан хабардар етті.
Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады.
2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады.
Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.