Конфедерация кубогы-2019: Шымкенттік балуандар грек-рим күресінен жеңімпаз атанды

0
1 272

Үшінші мегаполис спортшылары 2 алтын, 4 қола медаль иеленді.


Конфедерация кубогы-2019: Шымкенттік балуандар грек-рим күресінен жеңімпаз атанды

Шымкентте күрес түрлерінен өтіп жатқан жазғы Спартакиадада грек-рим күресі шеберлерінің бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған спартакиада нәтижесінде жалпыкомандалық есепте шымкенттік балуандар жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, Шымкент қаласының командасы 2 алтын, 4 қола медаль иеленді.

Ал, екінші орындағы Алматы облысы құрамасы 2 алтын, 3 қола медаль және үздік үштікті аяқтаған Алматы қаласының құрамасы 2 алтын жеңіп алған.

Сондай-ақ, төртінші орынға Астана (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), бесінші орынға Ақтөбе облысы (1 алтын, 1 күміс) құрамасы орналасқан.

дереккөз: olympic.kz