Коронавирус жұқтырған үшінші шымкенттік 400-ден астам адаммен қарым-қатынаста болған

0
741

Коронавирусты жұқтырған науқас тұрған көше оқшауланды.


Коронавирус жұқтырған үшінші шымкенттік 400-ден астам адаммен қарым-қатынаста болған

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған үшінші науқаспен 400-ден астам адам қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.

"Күні кеше коронавирус инфекциясы анықталған үшінші науқаспен 400-ден астам адам қарым-қатынаста болғандығы анықталды. Қазір олар бақылауда. Індет жұқтырған науқастың баспанасы орналасқан көше жабылды. Науқастың мекен-жайын айтуға рұқсат жоқ. Бірақ, ол тұрған көше кеше оқшауланды",- деді Мақсұт Исахов.