ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне 25 өтініш тіркелген

0
296

Олардың барлығы қолданыстағы заңдылықтар аясында қаралып, тиісті жауаптар берілді.


ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне 25 өтініш тіркелген

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне 25 өтініш тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Б.Есқараев брифинг барысында мәлімдеді.

«Департаменттің 8 ай мерзімінде 25 өтініштер тіркелген болса, олардың барлығы қолданыстағы заңдылықтар аясында қаралып, тиісті жауаптар берілді. Солардың ішінен кейбір арыздардың мағынасына көңіл бөлгім келеді. Қазіргі күнде сапасы өте төмен, контрафакті өнімдердің сауда сөрелерінде жиі кездесетіні жасырын емес. Атап айтқанда, автохимия өнімдерінің ішінен тосол, антифриз секілді өнімдері автокөлік иелерінің наразылығын тудыруда. Бірақ, оларды қазіргі күндегі шағын бизнес өкілдеріне тексеруді шектеуге байланысты, яғни мораторий талаптарына сәйкес тексеру мүмкін емес. Бірақ, жеке және заңды тұлғалардың арызы негізінде жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда», - деді спикер.

Сондай-ақ департамент басшысы медицина саласындағы тексерулерге тоқталды. Атап айтқанда онда қолданылатын өлшем бірліктерінің уақытылы салыстырып тексерулерден өтіп тұратындығына бұдан кейін де ерекше көңіл бөлетінін, адам денсаулығы мен өмірі - техникалық реттеу саласының басты бақылауындағы дүние екенін атап өтті.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында сәйкестікті растау саласында аккредиттелген 2 сәйкестікті растау органы, 48 сынақ зертханасы, 22 салыстырып тексеру зертханасы, 3 калибрлеу зертханасы, 3 медициналық зертхана жұмысын атқаруда. Яғни, жалпы саны 78-і құрайтын бұл мекемелер, барлығы мемлекеттік емес, аккредиттелген органдар тізіміне енеді және ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығынан тиісті аттестат алған ұйымдар.

Спикердің сөзінше, 2022 жылдың мамыр - шілде айлары аралығында, Шымкент қаласы прокуратурасымен бірлесіп, қала аумағындағы медициналық мекемелерге метрологиялық талаптардың сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде 20 мекеменің 19 нан заң бұзушылықтар табылды. 11 Медициналық мекемелердің жауапты лауазымды тұлғалары Заң талаптарын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБТК 419-бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 3 874 695 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Ал қалған 8 мекеменің ескіру мерзімі өтуіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған.

Бүгінде департаменттің мамандары қалалық прокуратураның өкілдерімен Шымкент қаласы әкімдігінің Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының соңғы 10 жыл аралығында атқарған жұмыстарына кезектен тыс бақылау жүргізуде. 2022 жылдың екінші жартыжылдығына да Департамент өз жұмыс жоспарына сәйкес бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау, сонымен қатар қажеттілігіне қарау жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері бойынша да жұмыстарын жалғастыратын болады.